Жаңа заң: Банктерге қандай талап қойылады?

Жаңа заң ұзақ қаралды. Біраз өзгеріс енгізілді. Жаңа заңның мақсаты көп, деп хабарлайды Arbat.Media.

Біріншіден, халықты алаяқтардан қорғау, яғни,банктің жауапкершілігін арттыру. Екіншіден, елдің несиесін азайту. Үшінші, ең бастысы,банктерді экономикаға жұмыс істеуге итермелеу.

Бәсекелестікті арттыру бағытында енгізілген өзгерістің бірі – әр банкте «исламдық терезелер»ашу. Енді ислам банкингі шарттарымен жұмыс істеу үшін қаржы ұйымы исламдық банк болуы міндетті емес.

Экономикалық шолушы Айбар Олжаевтың айтуынша, бұл шаралардың нәтижесі үлкен болады. Жеке тұлғаларға берілетін несие қысқарады. Сондай-ақ алаяқтыққа қарсы күрес те назарға алынған. Сондықтан банктер енді барлық кредит бермес бұрын мұқият қарайды, дейді экономикалық шолушы.

Заң банк қаражат Ақша

Тақырыпқа жаңалықтар