Жанабыловтарға сот шешімі шықты
Астанада ерлі-зайыпты блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі соңына жетті. Ерлі-зайыпты 2 жылға сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы сотталушылармен келісімге келгенін айтты.
Қылмыстық іс 2026 жылдың наурызында басталды. Тергеу дерегіне сәйкес, 2025 жылы блогерлер аса ірі көлемде ақша табу мақсатында қылмыс жоспарын құрған. Алайда оқырмандар 30 мың теңгеге сатып алатын видеокурстардың білім беру және экономикалық мәні болмаған. Сондай-ақ бұл курстар бұрын да басқа платформаларда жарияланған.
Бұған дейін қылмыстық істегі прокурор Олжас Хайруллаев қылмыстық іс бойынша сот сараптамасы жүргізілгенін, соған сәйкес блогерлердің 247 млн теңгені қылмыстық жолмен тапқаны анықталғанын айтты.