Жантүршігерлік жағдайдан 21 адам ажал құшты
АҚШ-та торнадодан 21 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media.
Тағы ондаған тұрғын жараланған. Дүлей дауылдан әсіресе Миссури мен Кентукки штаттары қатты зардап шекті. 5 мыңнан астам үй қирап, жарты миллионнан аса адам жарықсыз қалды. Торнадо шатырларды жұлып, терезелерді қиратып, ағаштарды қопарып тастады.
Іздестіру-құтқару операциясы әлі жүріп жатыр. Билік құрбандар саны өсуі мүмкін екенін ескертті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: