Жазда парламент сайлауы өтеді — Тоқаев
Тоқаев референдумға белсене қатысқан жастармен әңгімелесті. Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Президент бүгін тарихи күн екенін айтты.
«Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын», – деді мемлекет басшысы.
Президент жаңа Конституцияның ең алдымен, жастарға арналғанына назар аударды.
«Ауқымды үгіт-насихат науқаны жүргізілді. Алдымызда жұмыс көп. Енді жазда парламент сайлауы өтеді. Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: