Өскеменде мектептен өрт шықты
Өскемен қаласындағы Әміре Қашаубаев көшесінде орналасқан орта мектептің қабылдау бөлмесінде өрт шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер жеткен сәтте жиһаз жанып жатқан. Құтқарушылар отты 20 шаршы метр ауданда жедел сөндірді. Мұғалімдер мен оқушылар мектеп ғимаратынан өздігінен эвакуацияланды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: