Жекпе-жек шебері Сабыржан Махметов көз жұмды

Қазақстандық кикбоксинг шебері, жекпе-жек спортындағы ең беделді бапкерлердің бірі, КСРО құрамасын басқарған жалғыз қазақ Сабыржан Махметов өмірден өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы журналист Қанат Ескендір мәлімдеді.

Сабыржан Ғалымжанұлы Махметов – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жекпе-жек федерациясының негізін қалаушы және жетекшісі ретінде танымал.

«Менің саналы ғұмырымның барлығы кәсіби спорт әлемімен байланысты. Бұл салада екі ғана жол бар: жеңімпаз болу немесе жеңілу. Мұнда өтірікке де, жасандылыққа да орын жоқ. Спортта да, өмірде де талай сыннан өттім», — деген Махметовтың өзі.

Сабыржан Махметов — КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңір­ген жаттықтырушысы, КСРО Әуе күштері әскері­нің үш дүркін абсолютті чемпионы, ережесіз жекпе-жектен тоғыз дүркін Әлем чемпионы, Қазақ спорт және туризм академиясының профессоры болды.

Спортшы ережесіз жекпе-жек Сабыржан Махметов Марқұм
14 ақпан 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:33 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 11:37 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар