Жетісу облысында алаяқ тұрғындардың атынан 40 миллион теңгеге несие алып тастаған

Жетісу облысында 40 миллион теңгеден аса соммаға несиелер рәсімдеген алаяқ сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, азаматтардың сенімін теріс пайдалану арқылы олардың атына несиелер мен микронесиелер рәсімдеп, жеке пайдасына жаратқан ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы аяқталған.

Сотталған адам жәбірленушілердің жеке деректеріне және электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізіп, оларды заңсыз несие рәсімдеуге пайдаланған.

"Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 14 азамат зардап шегіп, келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 40 миллион теңгеден асты.

Сот үкімі бойынша, ол кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Жетісу облыс Несие тұрғын

Тақырыпқа жаңалықтар