Жетісу облысында керілген арқан үзіліп, ер адам суға құлап, жоғалып кетті

Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы Көксу өзенінде жантүршігерлік оқиға болды, деп хабарлайды Arbat.media.

10 мамырда сағат 15:15 шамасында Жетісу облысындағы Көксу ауылы маңында 1989 жылы туған азаматты іздестіру жұмыстары басталды. Ол шамамен сағат 14:00-де темір арқан арқылы өзеннің үстінен өтпек болған кезінде суға құлап, ағыс алып кеткен.

"Расталмаған ақпаратқа сәйкес, өзенге құлап кеткен ер адам алдын ала мәлімет бойынша, Отарда қызмет атқаратын әскери қызметкер. Әзірге ресми пікір жоқ. Білетін адамдардан осы ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұраймыз", - делінген әлеуметтік желіде пайда болған видеоның сипаттамасында.

"11 мамырда таңғы сағат 06:30-дан бастап ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Оған ТЖД қызметкерлері, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар, полиция, әскери полиция және Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері жұмылдырылды. Барлығы 98 адам және 22 бірлік техника, соның ішінде жүзу құралдары, дрондар мен спутниктік байланыс тартылды", - делінген хабарламада.

Іздестіру жұмыстары Көксу өзенінің екі жағалауы бойынша (оң жағалау бойынша 4, сол жағалау бойынша 4 топ) 35 шақырымға дейінгі аумақта жүргізілгені айтылды. Сағат 18:30-да, қараңғы түсуіне байланысты, жұмыстар уақытша тоқтатылған. Іздестіру бүгін, 12 мамырда жалғасқан.

Жетісу арқан Адам жоғалды

Тақырыпқа жаңалықтар