Жетісу облысында кішкентай баласын ұрып-соққан әйелге сот шешімі шықты
Жетісу облысында баласын жылу батареясына байлап, аяусыз ұрған әйелге қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Панфилов аудандық сотында 28 жастағы әйелге қатысты іс қаралды. Әйелдің психикалық ауытқуы бар екені анықталып, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
«Әйелге мінез-құлқында айқын бұзылыстары бар, күтім мен емдеуді қажет ететін жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі диагнозы қойылған. Қылмыс жасалған сәтте ол өз әрекеттерінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмаған» деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот әйелді мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: