Қазақстан жаңалықтары8 тамыз 2025, 13:13

Жетісуда шопанға жай түсіп мерт болды

Жетісу облысындағы Ескелді ауданында 55 жастағы шопанға найзағай түсіп қаза болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Онымен бірге екі жылқысы, иті де өлген. Екінші шопан сәл әріректе жүргендіктен, аман қалған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға қатты жаңбыр жауған кезде болған, марқұм сол сәтте «телефонмен сөйлесіп тұрған болуы мүмкін» дейді.

Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Аудан әкімдігі «қаза тапқан адамның отбасына көмек көрсетілетінін» айтқан.

Ат Жетісу облыс шопан
20 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
21 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
20 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
20 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар