Жоғалып кеткен қария қар басып қалған көлігінен өлі табылды

Жоғалып кеткен қария қар басып қалған көлігінен өлі табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қарағанды облысының Шет ауданында бірнеше күн бойы іздестірілген 72 жастағы ер адам өлі табылды.

Зейнеткер 18 желтоқсанда жылқы іздеу үшін жеке автокөлігімен шығып, байланысқа шықпай қалған.

23 желтоқсанда ер адам Ағадыр кентінен шамамен 35 шақырым қашықтықта қарға көміліп қалған автокөліктің ішінен зейнеткер өлі табылды.

Қазір бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қарағанды Шет Аудан қария

Тақырыпқа жаңалықтар