Жыл басынан бері елімізге қанша шетелдік келді?

Жыл басынан бері Қазақстанға 11 миллионға жуық шетелдік келген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазақстанға жыл басынан бері 10,8 млн шетелдік азамат келген, ал 10,6 млн адам елден кеткен. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха мәлімдеді.

«Келгендердің жалпы санының 90%-ы ТМД елдерінің азаматтары. Оның ішінде:

- Өзбекстан – 10,6%,

- Ресей – 10,8%,

- Қырғызстан – 8%,

- Беларусь – 12%», – деді ол.

Сондай-ақ, 10 138 шетелдік азамат елден шығарылған.

Шілде айында ІІМ жыл басынан бері 200 мың шетел азаматы әкімшілік жазаға тартылғанын, 46 мыңы “елде тұру ережесін” бұзғаны үшін жауапқа тартылғанын мәлімдеген еді.

Қазақстан Шетел азамат Жолаушы
1 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
1 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
1 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар