ӘЧ: Каратэден Мөлдір Жаңбырбай алтын медаль алды
Будапеште WKF каратэден өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жақсы нәтижеге көрсетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.
Қазақстан қоржынына ересектер арасында WKF каратэден алғашқы алтын медаль түсті.
Қайсар Алпысбай (60 кг) күміс, Дидар Әмірәлі қола жүлдеге ие болды.
Қола жүлдеге таласқан Софья Берульцева италиялық Клио Ферракутимен тең тарқасты (4-4).
Қарсылас тек ұпайдың сапасы жағынан басым түсті.
Қазақстан делегациясы жалпы есепте 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальдің арқасында 5-орын алды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: