Астанада мас күйде көліктерге секірген ер адам 7 тәулікке қамалды
Астанада 30 жастағы ер адам мас күйде алдымен көшедегі жаяу жүргіншіге шабуыл жасауға тырысқан. Кейін жолға шығып, өтіп бара жатқан көліктердің дөңгелегінің астына түсуге ұмтылған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полиция ер адамды ұстап, сотқа жеткізген. Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: