Ұзынағашта заңсыз діни сабақ өткізген азамат анықталды

Алматы облысының Жамбыл ауданында кәмелетке толмаған балаларға араб тілі мен Құраннан заң талаптарын бұза отырып сабақ өткізген азамат анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сабақтар Ұзынағаш ауылындағы жеке үй-жайда өткен. Ер адам балаларға араб тілі мен Құранды заңда белгіленген талаптарды сақтамай үйреткен.

Тексеру қорытындысы бойынша оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік шара қолданылған.

Сонымен қатар балалардың ата-аналарына да ескерту жасалды. Олар кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған.

оқу Араб тілі Жауапкершілік азамат

Тақырыпқа жаңалықтар