«Хакер Атырау» ісі: 12 адамнан 13 миллион теңге алды деп айыпталған адам сотта жауап берді

Әлеуметтік желіде «Хакер Атырау» деген атпен танылған Нұрлан Жаңбырбаевқа қатысты сот талқылауы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол 12 адамға жалпы сомасы 13 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірді деген айыппен сот алдында жауап беруде.

32 жастағы Нұрлан Жаңбырбаевқа алаяқтықтың 12 эпизоды бойынша айып тағылған. Тергеу мәліметінше, оның әрекетінен 12 азамат зардап шеккен.

Сот барысында айыпталушы жәбірленушілердің тоғызымен есеп айырысып, олардың қаражатын қайтарғанын айтты. Сондай-ақ қалған шамамен 4 миллион теңгені де өтеуге дайын екенін жеткізді.

Дегенмен ол өзіне тағылған айыпты толық мойындамай отыр. Жаңбырбаевтың сөзінше, ол азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденбеген.

сот хакер Жауап Атырау

Тақырыпқа жаңалықтар