Александр Бублик Бельгиядағы турнирдің чемпионы атанды
Александр Бублик Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстандық теннисші финалда франциялық Артюр Фиспен шықты.
Бірінші партияда есеп 2:2 болған мезетте Бублик брейк жасап, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4.
Екінші сетте де 3:1 есебімен алға шығып, матчты жеңіспен аяқтады – 6:4.
Бублик 11 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін керемет өткізді.
Александр Бублик ATP турнирлеріндегі үшіншірет чемпион атанды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: