Александр Бублик жұптық сында Рим турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші жұптық сында Рим мастерс турнирінің ширек финалына өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстандық спортшы америкалық Бен Шелтонмен бірге екінші айналымда бразилиялық Марсело Мело - германиялық Александр Зверевтен айласын асырды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Бірінші партияда бразилиялық-германиялық жұп айқын басымдылық танытты - 6:2. Есесіне екіншісінде Бублик - Шелтон қарымта қайырды - 6:3. Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 10:7.
Бір сағат 21 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық-америкалық дуэт 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Мело - Зверев 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
Александр Бублик - Бен Шелтонның ширек финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: