СпортБүгін, 16:30

Александр Заруцкий енді «Ақтөбе» футбол клубында ойнайды

Александр Заруцкий енді «Ақтөбе» футбол клубында ойнайды, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Қайрат» футбол клубының бұрынғы қақпашысы Александр Заруцкий «Ақтөбе» футбол клубымен келісімшартқа отырды.

«Өткен маусымда «Қайрат» сапында ойнап, команданың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуына зор үлес қосқан еді. Енді ол «Қобыланды батыр» стадионында ақ-қызыл түстерді адал қорғайтын болады», — делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, Александр Заруцкий тамыз айында Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі матчта жарақат алған еді. Ол содан бері алаңға шыққан жоқ.

Ақтөбе Қайрат қақпашы спорт

Тақырыпқа жаңалықтар