Балқашта екі кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен бірнеше ер адам қамауға алынды

Жәбірленушілердің туысы әлеуметтік желіде қарындастарына зорлық жасалғаны туралы видео таратқан болатын, деп хабарлайды Arbat.Media.

Айтуынша, оқиға жазда болған. Бірнеше жігіт 15 және 13 жастағы қыздарды ұрып-соғып, қолдарын темекімен күйдірген.

Ол сондай-ақ қыздарды ішкізіп, есінен адастырып, интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеген дейді.

Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілердің ұсталғанын айтты.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Жәбірленушілер оқиға Тергеу полиция

Тақырыпқа жаңалықтар