Шығыс Қазақстанда мұғалімін балағаттаған 17 жастағы оқушыға айыппұл салынды
Марқакөл ауданында 17 жастағы оқушы сабақ үстінде сынып жетекшісін сыныптастарының көзінше былапыт сөздермен балағаттаған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жасөспірімнің әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды.
Сот отырысында оқушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтып, мұғалімнен кешірім сұраған.
Оған 30 275 теңге айыппұл салынды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: