СпортБүгін, 12:33

Алматыда тау жарысы кезінде 70 жастағы спортшы қайтыс болды

Алматыда Іле Алатауындағы Salomon Trail тау жарысы кезінде 70 жастағы спортшы қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінде экстремалды атлетика іс-шарасын ұйымдастырушылар хабарлады.

Владимир Кривенцовтың жарыс бастала сала жағдайы нашарлап, көз жұмған.

«Бірнеше минут ішінде алғашқы көмек көрсетіліп, спортшы «Медеу» кешенінің құтқару бөліміне жеткізілген. Бірақ, өкінішке орай, ер адам қайтыс болды. Владимир тәжірибелі спортшы, түрлі старттардың тұрақты қатысушысы болған. Ол жарыс алдында медициналық тексеруден өтті және спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілімдері болмаған», – деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Спортшы Алматы Жарыс көз жұмды

Тақырыпқа жаңалықтар