Спорт21 қазан 2025, 16:38

Алматыдағы «Қайрат» – «Пафос» ойынында жанкүйерлер үшін қосымша автобустар жүреді

Алматыдағы «Қайрат» – «Пафос» ойынында жанкүйерлер үшін қосымша автобустар жүреді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, матч аяқталған соң 6 бағыт бойынша 60 қосымша қоғамдық көлік қатынайды. Сондай-ақ стадион аумағында екі жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етеді.

Ойын алдында Абай даңғылы мен оған жақын Байтұрсынұлы, Сәтбаев және Шевченко көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Бүгін 21:35-те Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Чемпиондар лигасы аясында қазақстандық «Қайрат» пен кипрлық «Пафос» командалары кездеседі.

футбол Қайрат Кипр Пафос
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
9 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар