«Ақтөбе» футбол клубының жас ойыншысы көз жұмды
«Ақтөбе» футбол клубының 15 жастағы ойыншысы қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл жайында клуб мәлімет таратты. «Ақтөбе» футбол клубы жасөспірімнің 15 жаста екенін хабарлаы.
«QJ league турнирінде ойнайтын «Ақтөбе U-16» командасының ойыншысы 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы болды. Аронмен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», - делінген жазбада.
Әлеуметтік желі қолданушылары марқұмның туыстарына көңіл айтты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: