«Ақжайық» көш басындағы команданы ірі есеппен жеңді
Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» «Жастар» стадионында «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командасын қабылдады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform жариялады.
Мұның алдында оралдық маман Николай Шавалдиннің шәкірттері сырт айдында осы командадан екі рет жеңіліс тапқан еді.
«Знамя-Удмуртия» 17 ұпаймен екінші топта көш бастаса, «Ақжайық» бесінші орында еді.
Бұл жолы батысқазақстандықтар бірден ойын тізгінін қолына алып, азулы қарсыласын 8:1 есебімен ойсырата жеңді. Оралдықтар сапында ресейлік сұрмерген Максим Пахомов алты доптың авторы атанса, команда капитаны Максим Өтебалиев «Знамя-Удмуртия» қақпасына тағы екі шайба енгізді. Қонақтардан Сергей Кильчичаков бір ғана доппен жауап қайырды.
Ертең қос клуб екінші кездесуін өткізеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» сырт айдында тағы да жеңіліп қалған.