Арайлым Әбенова самбодан әлем чемпионы атанды
Ереванда самбодан ересектер арасында әлем чемпионатында Арайлым Әбенова аса ауыр салмақта үздік шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Былтыр әлем біріншілігінде қола алған Әбенова осы жолы 80 келіден жоғары салмақта ресейлік орынборлық Жанар Құсанованы 6:0 есебімен жеңді.
Бұдан бұрын ол ширек финалда филиппиндік Сидней Сидіжеңген. Ал жартылай финалда румыниялық Бианко Проданды 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Арайлым қазақ қыздары арасында алғаш рет аса ауыр салмақта жеңіс тұғырына көтеріліп отыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: