Спорт18 қыркүйек 2023, 11:30

Аружан Сағындықова — Тунистегі турнирдің

Аружан Сағындықова Тунистегі турнирдің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Әлемнің 829-шы, осы жарыстың 3-ракеткасы А. Сағындықова финалда дүниежүзілік рейтингте 1 253-орында тұрған үндістандық Вайшнави Адкармен чемпиондық атаққа таласты.

Бірінші партия тартысты болып, тай-брейкте Аружан сәтті ойнады - 7:6 (8:6).

Екінші сетте қазақстандық жас теннисші қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ - 6:0.

Аружан Сағындықова маңызды жеңісіне қол жеткізді.

 

Аружан Сағындықова Тунис турнир Жеңімпаз

Тақырыпқа жаңалықтар