Жақында ғана қызметінен кеткен экс-әкімге қатысты тергеу басталды
Ол Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Жансейіт Қайнарбаев. Бұрынғы басшы Каспийдегі 14 сарбаздың қазасынан соң болған ауыс-түйіс кезінде қызметінен кеткен еді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұған дейін әлеуметтік желіде оның ұсталғаны және адам ұрлау ісіне қатысы болуы мүмкін екені айтылды. Ал ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу басталғанын мәлімдеді. Десе де нақты қандай негізде күдікке ілінгенін айтпады. Оның ұсталғаны туралы ақпаратты да растамады.
Жансейіт Қайнарбаев 2024 жылдың ақпанынан 2026 жылдың қыркүйегіне дейін Жаңаөзен әкімі қызметін атқарған. Кейін Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі болып тағайындалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: