Қазақстанда енді арзан шиналар сатылмауы мүмкін

ЕАЭО елдерінде автокөлік шиналарына қойылатын талаптар қатаңдатылуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ресей ұсынған бастама мақұлданса, құрамындағы канцерогенді заттардың мөлшері рұқсат етілген шектен асатын шиналарды сатуға тыйым салынады.

Жаңа талаптар жеңіл және жүк көліктеріне, сондай-ақ мотоциклдерге арналған отандық және импорттық шиналарға қатысты болуы мүмкін. Өндірушілер резеңкенің құрамын өзгертіп, қымбатырақ материалдарды пайдалануға мәжбүр болады.

Өзгерістер қабылданса, жаңа талаптар шешім ресми жарияланғаннан кейін 180 күн өткен соң күшіне енеді. Осыған байланысты шектеулер 2027 жылдың жазында қолданыла бастауы мүмкін.

Автокөлік Шиналар Ресей жаңа талаптар

Тақырыпқа жаңалықтар