Әсем Орынбай Дохадағы Әлем кубогында жеңімпаз атанды
Дохада өтіп жатқан нысана көздеуден Әсем Орынбай Әлем кубогының финалында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі жария етті.
Ұлттық құрама спортшысы стенд атудың скит бағдарламасында ақтық сынға шығып, 51 балл жинады. Кьяра Ди Марциантонио (Италия) 50 нысана дәл көздеп күміс жүлдеге ие болса, қола медаль Дания Джо Виццидің (АҚШ) еншісінде. Бұл сында 3 дүркін Олимпиада чемпионы Кимберли Роуд (АҚШ) жүлдеге бір табан жетпей тоқтады (34 ұпай).
Биылғы маусымда Әсем Орынбай әр жарыста тұрақты өнер көрсетіп, бірнеше рет тұғыр биігіне көтерілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: