«Астана» футбол клубы жекеменшікке беріледі
Қазақстанның «Астана» футбол клубы жекеменшікке өтеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкіметтегі брифиңде мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, бұған дейін «Астана» футбол клубы Sport Qory бірыңғай операторы арқылы қаржыландырылып келген. Ербол Мырзабосынов инвестордың бар екенін растады. Алайда келісімшарт толық аяқталмағандықтан, оның атын әзірге жариялай алмайтынын айтты.
Оның сөзінше, мемлекет клубтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ете алатын инвесторларды іздеп отыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: