«Астана» футболшылары алғашқы жеңісіне қол жеткізді
«Астана» футбол клубы Конференция лигасы топтық кезеңінің үшінші тур ойынын Косовоның «Балкани» командасымен өткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Елордалық клуб C тобында сынға түседі. Қарсыластары – Хорватияның «Динамо Загреб» (Хорватия), Чехияның «Виктория Пльзень» және Косовоның «Балкани». Кездесуде командалар бірден шабуылға шықты. Жеңіске жеткен жағдайда екеуі де турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алатын еді.
Қазақстандық команда алғашқы екі ойында «Динамо Загребтен» – 1:5, «Виктория Пльзеньнен» 1:2 есебімен жеңілген. Олар бірден гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Ойынның 7-минутында елордалық клубтан Камо Оганесян есеп ашса, 9-минутта «Балкани» сапынан Эдвин Куч таразы басын теңестірді. 23-минутта Тимур Досмағанбетовтің бұрыштамадан әуелете берген добын Абзал Бейсебеков баспен соғып, «Астананы» тағы алға шығарды.