Astana Open ATP 250 турнирінің финалына шыққан теннисшілер
Astana Open ATP 250 турнирінің финалына шыққан теннисшілер белгілі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Алдымен әлемнің 28-ракеткасы, 23 жастағы америкалық Себастьян Корда соңғы бәсекеге жолдама алды.
С.Корда жартылай финалда 3 сағатқа жуық уақытқа созылған аса тартысты бәсекеде дүниежүзілік рейтингте 120-орында тұрған 20 жастағы сербиялық Хамад Медьедовичті 6:7 (8:10), 7:6 (7:2), 7:6 (7:3) есебімен жеңді.
Екінші жартылай финалда әлемнің 34-ракеткасы, франциялық Адриан Маннарино рейтингте 58-сатыдағы аустриялық Себастьян Офнерді 6:4, 6:2 есебімен жолдан тайдырды.
Осылайша, чемпиондық атақ үшін С.Корда мен тіс қаққан ойыншы, 35 жастағы А.Маннарино таласады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: