Спорт5 қазан 2023, 13:13

Азиада: Каратэші Нұрқанат Әжіқанов финалға шықты

Азия ойындарында каратэші Нұрқанат Әжіқанов финалға шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Нұрқанат Әжіқанов 2001 жылы дүниеге келген.

Ол жартылай финалда Малайзия өкілі Рагоназан Шармендранды 4:3 есебімен жеңді. Оған дейін Нұрқанат алғашқы айналымда Мұхаммед Шекху Аламнан (Непал), ширек финалда қырғыз спортшысы Назым Нұрлановтан айласын асырған.

Нұрқанат 2021 жылы Токио Олимпиадасында ел намысын қорғаған. Әлем чемпионатында 2 мәрте қола жүлде жеңіп алған, 3 дүркін Азия чемпионы болған.

Нұрқанат Әжіқанов Азиада-2023 каратэ

Тақырыпқа жаңалықтар