Placeholder
Фото: boks_alemy.kz
boks_alemy.kz
СпортБүгін, 13:23

Азия чемпионаты: Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Азия чемпионатында Қазақстан намысын кімдер қорғайды. Бұл туралы бас бапкер Қайрат Сәтжанов мәлімдеді. 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтетін Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған ірі халықаралық турнирге Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдерден боксшылар келеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Аталған бокс додасында ұлттық құрама спортшыларының барлығы да бақ сынап, Азия біріншілігіне іріктеледі, деп жазады Egemen.kz.

«80 келіде Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай қатысады деп отырмыз. Азия чемпионатына баратын басқа боксшылар осы жарыстан соң белгілі болады», деді бас бапкер.

Азия чемпионаты Амман (Иордания) қаласында 30 қараша-12 желтоқсан аралығында өтеді.

Азия чемпионаты Қарақозы Әбдәлиевті еске алу Нұрбек Оралбай

Тақырыпқа жаңалықтар