Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының жабылу салтанаты өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Азия ойындарының жабылу салтанаты елорда уақытымен 18.00-ге белгіленген, деп жазады ҚазАқпарат.
Дүбірлі дода биыл 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтті.
Сайыстар 51 жарыс алаңында өткізілді. Бұл мақсатта 14 жаңа кешен салынды. Көптеген спорт түрінен жарысты Ханчжоу қабылдады. Ал кейбір жарыстар Дэцин, Цзиньхуа, Нинбо, Шаосин мен Вэньчжоу сынды шағын қалаларда болды.
Дүбірлі додада Азия Олимпиада кеңесі (АОК) құрамындағы 45 елден 12 500-ден астам спортшы келгенін атап өтті. Бұл - рекордтық көрсеткіш. 2018 жылы Индонезияда өткен Азиадада 11 300 адам тіркеліп, жаңа рекордтық көрсеткіш орнаған еді.
Жазғы Азия ойындарында 8 спорт түрінен Париж Олимпиадасына жолдама берілді. Бәсекеде 40 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынды.
Қазірге дейін ел құрамасы 79-медаль (10 алтын, 21 күміс, 48 қола) алды. Әзірге жалпы командалық есепте 9-орында тұр.
Қазақстандық спортшылар биыл сегізінші мәрте Азия ойындарына қатысып отыр. Бұған дейін жалпы командалық есепте - 4 (77 медаль: 25 алтын, 26 күміс, 26 қола), 1998 жылы - 5 (78 медаль: 24 алтын, 24 күміс, 30 қола), 2002 жылы - 4 (76 медаль: 20 алтын, 26 күміс, 30 қола), 2006 жылы - 4 (85 медаль: 23 алтын, 20 күміс, 42 қола), 2010 жылы - 5 (79 медаль: 18 алтын, 23 күміс, 38 қола), 2014 жылы - 4 (84 медаль: 28 алтын, 23 күміс, 33 қола), 2018 жылы - 9 (76 медаль: 15 алтын, 17 күміс, 44 қола) орын алды.
Айта кетейік, каратэші қыз Мөлдір Жаңбырбай бүгін Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды
Енді 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Нагоя қаласында өткізіледі.