Азия пара ойындары: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті
Азия пара ойындарында дзюдошылар Динара Куджулова мен Бауыржан Арыстанбеков қола жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Динара Куджулова парадзюдодан J1 санаты бойынша 70 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.
Динара қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық Мухаррамкон Абдулсаматованы 11:0 есебімен тізе бүктірді.
Бауыржан J1 санаты бойынша 90 келіге дейінгі салмақта индонезиялық Фаджар Памбудиден басым түсіп, тағы бір қоланы қоржынға салды.
Сонымен қатар отандасымыз Даяна Федосова J2 санаты бойынша 57 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға көтерілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: