«Бавария» жұлдызы Дайо Упамекано әлеужеліде күлкіге қалды
Мюнхендік «Баварияның» жұлдызы Дайо Упамекано кекештенгені үшін әлеуметтік желіде күлкіге қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Франция құрамасының Гибралтар мен Грекияға қарсы алдағы матчтары туралы баспасөз мәслихатында қорғаушы Дайо Упамекано кенеттен қатты кекештене бастады. Ол сөзін бірнеше рет үзіп, басын төмен түсіріп, кідірді де, қайта жалғастыруға тырысты.
Француз футболшысының кекеш видеолары TikTok, Instagram және Twitter сияқты әлеуметтік желілерде тарап кетті. Көптеген қолданушылар мюнхендік «Бавария» футболшысын мазақ қыла бастады.
Упамеканоның өзі журналистерге бала кезінен кекештігімен күрескенін айтты.
«Мектепте мен бірдеңе айтуға қорқатынмын, өйткені сөйлеуден бұрын маған дайындалуға сәл уақыт қажет, ал басқа балалар бұған күліп, мені мазақ етті. Көңіліме қатты тиді. Бірақ мен әрқашан өзіме тоқтамай сөйлесе бер, көңіл аударма, бұл адамдар менің өміріме әсер етпейді деумен болдым. Бірте-бірте азайды. Логопедке де жиі баратынмын», - дейді футболшы.
The Guardian газетіне берген сұхбатында Упамекано кейде сөз арасында тыныс алу қиынға соғып, кекештене бастайтынын түсіндірді.
«Кішкентай кезімнен алаңда өзімді еркін сезінетінмін. Ол жерде ешкім маған күлген жоқ, өйткені мен ойнағанда кекештенбейбін. Бүгінде мен кекеш барлық балаларға соған бола ұялмау керектігін айтамын», - деп қосты Упамекано.