Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы жарысты жеңіспен бастады
Бейбіт Жұқаев Шампейн челленджер турнирін жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстандық теннисші бастапқы матчын дүниежүзілік рейтингте 303-орында тұрған италиялық Энрико Далла Валлемен өткізді.
Б.Жұқаев италиялық спортшыны 6:1, 6:1 есебімен жеңді. ойсырата ұтты. Бейбіт 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.
Ол ширек финалға шығу үшін рейтингте 298-сатыдағы хорватиялық Нино Сердарушичпен таласады.
Бұдан бұрын өзі чемпион атанған Шарлотсвилл (АҚШ) додасында осы теннисшіні ұтқан болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: