Спорт6 қараша 2023, 12:33

Бейбіт Жұқаев Қазақстанның екінші ракеткасы атанды

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 33-тен 32-ге көтерілді.

АҚШ-та Шарлотсвилл челленджер турнирінде үздік шыққан 23 жастағы Бейбіт Жұқаев 247-ден бірден 52 сатыға жоғарылап, әлемнің 195-інші, Қазақстанның екінші ракеткасы атанды.

Михаил Кукушкин 213-те қалса, Тимофей Скатов 211-ден 216-ға, Денис Евсеев 238-ден 239-ға сырғыды.

Париждегі мастерс жарысының чемпионы болған Новак Джокович бұрынғыша көш бастаса, испаниялық Карлос Алькарас екінші, ресейлік Даниил Медведев үшінші орында тұр.

Жұптық сында Александр Недовесов 47-ден 48-ге төмендесе, Андрей Голубев 63-орнында қалды.

Әлем бойынша америкалық Остин Крайчик, хорватиялық Иван Додиг, нидерландтық Уэсли Колхоф қамшы салдырмай келеді.

Бейбіт Жұқаев екінші ракетка Теннис

Тақырыпқа жаңалықтар