СпортБүгін, 12:27

Бибісара Асаубаева қазақ тілін қалай үйреніп жүргенін көрсетті

Үш дүркін блицтен әлем чемпионы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіде қазақ тілі сабағынан видео жариялап, оқырмандарынан өзін қатаң сынамауды сұрады, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Қазақ тілі сабағымнан бір үзінді. Қатаң сынамаңыздар», - деп жазды шахматшы.

Бейнежазбада Асаубаева қарапайым сұрақтарға қазақ тілінде жауап беріп жатыр.

Еске салайық, маусым айында шахматшы жалақысының қысқаруына байланысты мемлекет басшысына ашық үндеу жасаған болатын. Сол кезде қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінді. Көпшілік оның бұрын біраз уақыт Ресей намысын қорғағанын еске салып, қазақ тілін білмейтіні үшін де сынға алған еді.

Асаубаева Шахмат Қазақ тілі

Тақырыпқа жаңалықтар