Спорт4 қараша 2023, 12:33

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Бүгін елордада футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Кездесу елорда уақытымен 16.00-де Астана қаласындағы «Астана-арена» стадионында өткізіледі.

Финалда Шымкенттің «Ордабасы» және Қостанайдың «Тобыл» командалары шеберлік байқасады.

Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Биыл шымкенттік клуб ел чемпионы атанса, қостанайлық команда сегізінші орынды місе тұтты.

Финалға дейін «Ордабасы» Түркістан облысының «Мақтаралын» (1:2, 4:1), Петропавлдың «Қызылжарын» (2:0, 0:1), елордалық «Астананы» (0:1, 2:0) орта жолда қалдырып кетті.
Ал «Тобыл» Павлодар облысының «Ақсу» (1:2, 2:0), Қарағандының «Шахтер» (0:1, 2:0), «Атырау» (1:0, 1:0) командаларын жеңді.

футбол Қазақстан кубогының финалы

Тақырыпқа жаңалықтар