Новости: күміс медаль

күміс медаль - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【күміс медаль】 жаңалықтар Arbat media
arbat media
25 қараша 2024 / Новости Казахстана

Алғаш рет қазақстандық Лондонның Құрметті музыканттар қауымдастығының Күміс медалін иеленді

Болашақ стипендиаты Рахат-Би Әбдісағин Лондонның Құрметті музыканттар қауымдастығының Күміс медалін иеленді. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Рахат-Би Әбдісағин 2024 жылы Лондонның Құрметті музыканттар қауымдастығының беделді Күміс медалін алған алғашқы қазақстандық атанды. Бұл Ұлыбританияның ең көне және маңызды марапаттарының бірі. Салтанатты марапаттау рәсімі қараша айының ортасында Ұлыбритания астанасында өтті. 

arbat media
8 тамыз 2024 / Sport

Бір күнде — екі күміс: Нұрбек Оралбай Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде салды

Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласын ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты. Париж Олимпиадасында 80 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз финалда украиналық Александр Хижнякпен алтынға таласты. Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Хижняк жеңімпаз деп танылды. Осылайша украиналық боксшы Париж Олимпиадасының чемпионы атанса, қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды. 

arbat media
8 тамыз 2024 / Sport

Демеу Жадыраев — Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалында белдескен Демеу Жадыраев жапониялық Нао Кусакадан жеңілді. Отандасымыз 77 келі салмақта қарсыласына 5:2 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.  Ал Нао Кусака Париж Олимпиадасының чемпионы атанды.