Дэвис кубогы: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлемнің төрт дүркін чемпионын ұтты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Qazaqstan tennïs federacïyası
Спорт14 қараша 2024, 10:34

Дэвис кубогы: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлемнің төрт дүркін чемпионын ұтты

Анталия (Түркия) қаласында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының топтық бәсекелері мәресіне жетті. В тобында соңғы кездесуінде Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасында әлемнің төрт дүркін чемпионы (1992, 1993, 1996, 2005 жылдар) Францияны ұтты. Қазақстан құрамасының капитаны Сергей Квак бірінші ойынға Даниэль Тазабековті шығарды. Ол аттасы Даниэль Жадқа есе жіберді — 4:6, 4:6, - деп хабарлайды Arbat.media.

Екінші болып кортқа өз елінің бірінші ракеткалары Заңғар Нұрланұлы мен Муаз Куаме шықты, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 52-орында тұрған Куаме бірінші партияда 6:2 есебімен басым түсті. Есесіне Заңғар камбэк жасай білді — 6:3, 6:1.

Жұптық, шешуші бәсекеде Дамир Жалғасбай мен Даниэль Тазабеков Даниэль Жад — Фердинан Ливе Новкиришканы бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде тас-талқан етіп жеңді — 6:0, 6; 3.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тобынан бірінші орынмен ширек финалға шықты. Оның келесі қарсыласы Жапония немесе Тайбэйдің біреуі болмақ. Ширек финалдық матч ертең өтеді.

Дэвис кубогы жасөспірімдер құрамасы

Тақырыпқа жаңалықтар