Спорт6 қазан 2023, 9:20

Елена Рыбакина Бейжіңде әлемнің бірінші ракеткасымен шығады

Елена Рыбакинаның Бейжің WTA 1000 турнирінде ширек финалдағы қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Беларустық әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко үшінші айналымда италиялық Ясмин Паолинимен шыққан. 

Бір жарым сағатқа созылған матчта А.Соболенко 6:4, 7:6 (7:4) есебімен ұтты.

Сөйтіп Арина жартылай финалға Елена Рыбакинамен бәсекеге шығады. 

Осыған дейін екеуі бес рет кездесіп, соның төртеуінде Соболенко жеңіп кеткен.

Биыл Австралия ашық чемпионатының финалында беларустық теннисші басым түссе, кейін Цинциннати мастерс жарысында Рыбакина жеңіп кеткен еді. 

Теннис бірінші ракетка Бейжің Елена Рыбакина

Тақырыпқа жаңалықтар