Елена Рыбакина эйс жасау жөнінен әлем рекордын жаңартты
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирлерінде бір маусымда эйс жасаудан рекорд жаңартты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сhampionat.com сайты қазақстандық теннисші өткен аптада Бейжің WTA 1000 жарысында 38 эйс жасады деп жариялады.
Биыл маусымда додаларда жасаған эйс санын 235-ке жеткізіп, Каролина Плишкова мен Серена Уильямсті басып озды.
К.Плишкова 2019 жылы WTA 1000 турнирлерінде 234, ал С.Уильямс оған дейін 233 эйс жасаған еді.
Елена Бейжіңде жақсы өнер көрсетіп, ширек финалда әлемнің 1-ракеткасы Арина Соболенконы ұтып, жартылай финалда Людмила Самсоноваға жол берді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: