Спорт29 қараша 2024, 16:39

Елордалық оқушы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Елордалық оқушы Аланна Берікқызы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атағына ие болды Астана қаласының №91 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы шахматтан (U8-U12) Италияда өткен халықаралық жарыста екінші рет әлем чемпионы атанып, еліміздің көк байрағын желбіретті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Айта кетейік, өткен жылы Аланна Грекияда 9 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атағына ие болған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жас шахматшылармен кездескені хабарланды.

Сонымен қатар, астаналық зейнеткерлер арасында үздік шахматшы анықталатыны белгілі болды.

 

Аланна Берікқызы Астана Шахмат
23 наурыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
23 наурыз 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар