Еркін күрестен әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алынды
Әйелдер құрамасы Албанияда еркін күрестен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Sports.kz жариялады.
53 келіге дейінгі салмақта Алтын Шағаева қола жүлде жеңіп алды.
Сондай-ақ бұл салмақта украиналық Лилия Маланчук та қола жүлдегер атанса, Молдова өкілі Мариана Драгутан күміс, жапондық Мако Ооно алтын медаль алды.
62 келіге дейінгі салмақта да Қазақстан құрамасы қола жүлдені еншіледі: бұл медальді ел қоржынына Ирина Кузнецова салды.
Бұл салмақта ресейлік Алина Касабиева қола, украиндық спортшы Ирина Бондар күміс, жапондық Юдзука Инагаки алтын медаль жеңіп алды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: