EURO - 2024: Хорватия мен Албания тең түсті
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының алтыншы ойын күнінде В тобында екінші турда Хорватия мен Албания тең түсті. Кездесуде албаниялық футболшылар жылдам гол соғып кетті. Оны 11-минутта Казим Лячи өзінің еншісіне жазды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ал хорватиялық құрамадан Андрей Крамарич 74-минутта таразы басын теңестірсе, 76-минутта албаниялық Клаус Гясула автогол авторы атанды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Ойынның 95-минутында Клаус Гясула енді қарсыластар қақпасына гол соғып, қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша құрамалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Енді аталған топтағы Италия мен Испания кездесуі 20 маусымда өткізіледі.
Үшінші турда 24 маусымда Хорватия мен Италия, Албания мен Испания шеберлік байқасады.
Сондай-ақ бүгін А тобында Германия мен Венгрия, Шотландия мен Швейцария ойындары өтеді.