Футбол: Бақтиер Зайнутдинов жарақат алды
Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапындағы кезекті ойынын өткізді. Отандасымыз Түркия Суперлигасының 12-турында жарақат алып қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Деп жариялады Prosports.kz сайты.
Допқа талас кезінде оның бетіне «Истанбул Башакшехир» ойыншысы Джером Опокудың шынтағы қатты тиіп кетті. Салдарынан отандасымыздың бас сүйегі, көзі және мұрнына зақым келді. Жартылай қорғаушы «Истанбул Башакшехирмен» болған ойынның 41-минутында ауыстырылды.
Фото: Prosports.kz
Ойыншы Ыстамбұлдағы ауруханалардың біріне жатқызылды.
Бұл ойында «Бешикташ» 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, 17 қарашада Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Мариномен ойнаса, 21 қарашада сыртта Словениямен кездеседі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: